Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Талдыбұлақ негізгі ОМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

                              «Талдыбұлақ» негізгі орта мектебі

         1929 жылы осы мекеннің әрбір жайлау  қойнауларын мекендеп келген ел  адамдары «Талдыбұлақ» өзені бойында  жиналып, Голощекин колхозы болып ұйымдасады. Осы жылы  елде бір жылдық, 1930 жылы екі жылдық, 1931 жылы үш жылдық  бастауыш мектеп ашылады.

         1933 жылға дейін колхоз кеңсесінің  бір бөлмесі  мектеп үйі болып келеді. Алғашқы мұғалімдер  Халық, Ботбай деген азаматтар еді. 1934 жылы елде  орталау (7 жылдық) мектеп  салу  бекітіледі  де, асар  жолымен  құрылыс жүргізіледі. 1936 жылы  мектеп үйі  салынып біткенмен, оқушылар контингенті  жетпегендіктен, 4  кластық  бастауыш мектеп дәрежесінде  қалады.

         Мектеп мұғалімдері: Көмек, Ержан, Жолдасов Есмырза (1936-1938 ж.ж) болды. Кейінгі жылдарда  Қабулов Өтеуіл, Өмірбеков Мәжит, Байзақов Әбдісейт, Майлыбаев Көлбай, Ошаев Ережеп, Хабиев Әуезхан, Балабеков Ордабек, Дүйсенбаев Сыдық, Шатанов Поштай, Оразбаев  Диханбай, Нарманов Арын, Артықбаева Фарида, Пернебекова Күланда т.б ұстаздық етті. Әсіресе, Ұлы Отан  соғысынан оралған  Балабеков  Ордабек 1948 жылдан 1983 жылға дейін  үздіксіз  жемісті  қызмет істеді.

         1936 жылы салынған  мектеп үйі жарамсыз болып қалғандықтан. 1967 жылы 2 класс,2  қызмет бөлмелі бастауыш мектеп  үйін салынды.  Мектеп бала санының  жетпеуіне байланысты  1979-1990 жылдары  үш сыныптық, тек 1990 жылы 4 сыныптық мектеп  болды. Осы жылдарда  мектепте Пернебаева Күләнда, Артықбаева Фарида, Балабеков Мұхтар, Тұңғышбаев Қасымбек, Асанбаев Сәуле, Салимова Бибігүл ұстаздық етті.

         2001 жылы наурыз айында  «Талдыбұлақ» ауылында «Туған жерге тағзым» атты акция өткізіледі. Онда осы ел  балаларының 5-11 сыныпта  оқуы үшін  күз, қыс, көктемде 7 шақырым қашықтықтағы  Сарапхана елді мекніндегі  Ы. Алтынсаприн  атындағы орта мектепке  жаяу қатынап  оқу қиыншылықтары айтылады. Ел  азаматтары мектеп салу үшін  керекті қаржы қорына үлестерін қосады.

         Осы акцияда  «Талдыбұлақта» туып өскен «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген заңгер», «Қазақстан  Республикасының Құрметті  судьяьсы», Қазақстан  Судьялар Одағының  төрағасы,(сол кездегі) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, ҚР жоғарғы сот  кеңесінің  мүшесі, «Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы», Қазақстан  Республикасы «Құрмет» орденінің иегері, заң ғылымдарының кандидаты Бекет Тұрғараев  мол қаржы қосып, мектеп үйін жаңа жерден, 2001 жылы сәуір айынан басталған құрылыс қыркүйек айында аяқталып, «Талдыбұлақ» өзенінің елсіз, күнгей биік бетіне ұзындығы 25 м, ені 8 м, биік, 10 сынып бөлмесі, спорт  залы бар жаңа  мектеп салтанатпен бой көтерді. Мектептің ашылу салтанатына  сол кездегі аудан әкімі Бектаев Әли, облыс Әкімінің орынбасары  Громов және Тұрғараев Бекет  қатысты.  Мектеп  негізгі мектеп болып ұйымдасты. Мектеп директоры болып Артықбаева Фарида, директордың орынбасары болып Майлаш  Гүлістан бекітілді.

         2017 жылы аудандық бюджет есебінен 100 орындық жаңа ғимарат салынып, мектеп жаңа ғимаратқа көшті.

© 2025 «Талдыбұлақ негізгі ОМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің